М.О.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтары диплом жұмысы
№19



КІРІСПЕ
Этнография термині туралы түсінік
Этнография термині көне грек тіліндегі «этнос» – халық, «графейн» – жазу, түсіндіріп жазу дейтін мағына беретін сөздерден жасалған. Кей кездерде этнография ғылымы зерттейтін, айналысатын объектілерді қарастыратын ғылымға этнология термині де қолданылған. Бірақ бұл термин дүниежүзілік шеңберде этнография терминінің баламасы ретінде айналымға жаппай кіре алған жоқ. Қазіргі ғылымда дүние жүзі халықтарын зерттейтін ғылым атауы ретінде этнография термині қабылданған. Этнографияның зерттеу обьектісіне жер бетіндегі барлық ұлттар, хал
ықтар санының аз-көптігіне, даму дәрежесіне, ертедегі немесе қазіргі ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан жатады. Этнос, ұлт, халық ұғымдарына адамзат өркениеті тарихында, этнографиялық, философиялық бағыттағы ғылымдар тарихында әр түрлі, кейде, тіпті, бір-бірін жоққа шығаратын, қарама-қайшы анықтамалар беріліп келді. Мұндай анықтамалар мағынасы мүмкіндігінше тұтастанған қазіргі кездің өзінде де этнографтарда ұлт, халық, этнос терминдеріне келгенде айырмашылықтары бар теориялық тұжырымдар кездесіп жатады. Бұл мәселеде Кеңес одағы этно
рафтарының беделі әлемдік этнография ғылымында салмақты болғанға ұқсайды. Мәскеу Мемлекеттік университетінің этнография кафедрасы мен ССРО Ғылым академиясы Этнография ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері шығарған «Этнография оқулығындағы1» анықтамада «… этнос (халық) дегеніміз адамдардың еркі бойынша емес, табиғи-тарихи процесс нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың ерекше бір түрі. Әр этносқа тән белгі – олардың елеулі тұрақтылығы: әдетте олар көптеген жүз жылдықтар бойы сақталады. Әр этностың белгілі бір ішкі бірл
ігі болады, сондай-ақ оны осындай типте пайда болған басқа барлық этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты болады. Мұның өзінде жеке этносты құрайтын адамдардың өзіндік сана-сезімі: олардың өзара идентификациясы да (бір-біріне жақындығы да), өздері тәріздес қауымдастықтардан «біз» және «олар» дейтін антитеза формасындағы айырмашылықтары да елеулі роль атқарады», – дейді. Басқа этнографиялық еңбектерде беріліп жататын этнос, халық, ұлтқа қатысты анықтамалардың ішінде өзінің салмақтылығымен де, дәлдігімен де ерекшеленетін осы анықтам
ны көңілге қонымды тұжырым ретінде қабылдап, қазақ халқының ұлы жазушысы, суреткері М.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтарын саралауда басшылыққа алмақпыз.
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Табиғи-тарихи процестердің нәтижесінде қалыптасатын халықтық, ұлттық белгілердің өте айқын көріністерін өз бойына терең сіңіріп, мейлінше танымал ұлттық бедерге ие болған халық ретінде қазақ халқын атауға болады. Кейбір этнографтар ұлт этнографиясын зерттеуде ұлттық ерекшеліктері мейлінше айқын, дара кезін (ұлт ретінде сәбилік кезін, капиталистік қоғамға әлі жетпеген, таза феодалдық қоғамның терең қойнауындағы) ғана емес, кейінгі, қоғамның дамып, коммуникацияның (баспасөз, радио, телевидение, білім берудің дамыған жүйесі, дамыған капи
талистік қарым-қатынас, жедел, мол түрде товар алмасу, сол себепті тұрмыстағы өркениет әкелетін ортақ белгілер т.б.) етек алған кезді де зерттеу қажет дейді. Зерттелуі, әрине, қажет. Дегенмен ұлттық ерекшеліктерді, этнографиялық құндылықтарды зерттеуде бұл кезеңнің пайдалы әсер коэффицентінің аздау екені анық. Бұл кезеңде ұлтттық мінезге қазір «глобализация» деп жүргеннің әсері мол. Глобализация әсерінен халықтар арасындағы этнографиялық ерекшеліктер бірте-бірте жойыла беруі айқын.
ХІХ ғасырдағы қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі этнографиялық ерекшеліктерімен өзімен көрші, туыстас түркі халықтарынан да, тіпті шаруашылық салты бірдей болған жағдайда да анық дараланды. Әрідегі түркілік, тайпалық бірлестіктер кезеңіне бармаған жағдайдың өзінде Шу бойына Керей мен Жәнібек бастап келіп, шаңырақ көтерген Қазақ хандығының (ХV ғасыр) тарихи даму барысындағы этнографиялық бейнемізді (бүкіл халықтық шеңберде) тұрақты бейне ретінде қабылдауға болады. Өзгерістер болса, ұлттық психологияда, сана-сезімде, әдет-ғұрыпта емес, ша
руашылық құрылымда аздап, әкімшілік құрылымда біраз ғана болған.
М.Әуезов шығармаларындағы уақыт пен кеңістік негізінде ХІХ ғасырдағы қазақ халқы мен қазақтар мекендеген географиялық аймақты қамтитын болғандықтан, Әуезов шығармашылығындағы этнографиялық уақытты бүкіл қазақ хандығы өмір сүрген уақытпен қатар қоюға болады. Жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясы көркемдік құбылыс ретінде әлемдік мәдениет пен әдебиеттің алтын қорына қосылды.
Бұл эпопеяның көркемдік құндылығы мен әдеби айналымға түсірілген өмірлік материалының молдығын француз халқының ұлы жазушысы Оноре де Бальзактың «Адамдар комедиясы» деген ортақ атпен берілген шығармалар сериясы мен орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясымен қатар қоюға болады. ХХ ғасырдың ішінде өмір сүрген жазушылар шығармаларынан Михайл Шолоховтың «Тынық Донымен» салыстыруға болады. Ал, осы аталған шығармаларды халықтың этнографиялық құндылықтарын суреттеу тұрғысынан салыстырған уақытта Әу
езовтің «Абай жолы» эпопеясы салмақтырақ шығып жатады. Бальзактың «Адамдар комедиясының» тұтас туынды емес, жеке-жеке прозалық шығармалардан, роман, повестерден тұратынын ескермегеннің өзінде, жеке шығармаларда қамтылған өмірлік материалдар мен көркемдік бейнелер негізінде жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қарым-қатынас пен нарық тудырған бейнелер болып келеді. Негізгі кейіпкерлері ақсүйектер мен өсімқорлық капитал өкілдері. Бальзак кейіпкерлері қоғамдағы ғылыми-техникалық дамудың, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастардың ха
лықтың, ұлттың этнографиялық ерекшеліктеріне ықпалды әсер етіп, ұлттың мінез-құлықтарының, әдет-ғұрыптарының типтене бастаған топтарына жатады. Бұл топтар сан жағынан алғанда халықтың азырақ бөлігін қамтыған. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы көркемдік тұрғыдан алғанда әлемдік әдебиеттің ең озық үлгілерінің бірі деп айтқанның өзінде де халықтың этнографиялық құндылықтарын қамту жағынан жан-жақты. Болконскийлер, Ростовтар, Безуховтар, ұлы эпопеяның басқа да кейіпкерлері Ресейдің ақсүйек дворяндары ортасынан шыққандар.
Өз эпопеясында Ресей қоғамының жоғарыда аталған тобының көркемдік дәрежесі, суреткерлік реализмі жағынан ғажап бейнелерін жасағанмен, жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік құрылыс өкілдерін, әскери қызметкерлердің төменгі шендері мен солдаттарды, шаруаларды, жұмысшыларды, мещандарды суреттейтін беттері анағұрлым аз. Шолохов романында суреттелетін казактарды тікелей орыс халқына немесе украин халқына жатқыза қоюға келмейді. Оларға ұлт ретінде емес, дараланған, шаруашылық-әлеуметтік ерекшеліктерге ие болған, Ресей үкіметі өзіні
ң отаршылдық мақсаттарына пайдалану үшін кейбір артықшылықтар берген топ ретінде ғана қараған жөн.
«Абай жолы» роман-эпопеясында ең алдымен ХІХ ғасырдағы қазақ халқының барлық әлеуметтік топтарының түгелдей дерлік қамтылғанын айтуымыз керек. Екіншіден – Әуезов романында суреттелген қазақ халқы өзінің этнографиялық сипатының мейлінше таза, айқындалған кезеңінде көрсетілген. Ғылыми-техникалық дамудың, тарихи-әлеуметтік дамудың, коммуникацияның халықтың ұлттық бейнесіне әсер ете қоймаған, этнографиялық зерттеулер үшін, этнографиялық тұрғыда тану үшін өте қолайлы кезеңін түгелдей алып, жіктеп бұзып-жармай, бүтін күйінде суреттеп ш
ыққан. Әлем әдебиетіндегі бүтіндей бір халықтың жарты ғасыр уақыт бойындағы өмірін барлық қырынан алып, бірде-бір әлеуметтік топты, шаруашылық құрылымды, әдет-ғұрыптық, салт-саналық ерекшеліктерді шашау шығармай көрсетіп берген бірден-бір шығарма – «Абай жолы».
Қаза



Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Жұмыс көлемі: 40 бет
Пәні: Әдебиет

-----------------------------------------------------------------------------------

-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Тарих-филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Иманғазиева Жадыра
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: М.О.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтары
Ғылыми жетекшісі:
оқытушы А.Ш.Ералиева
Сарапшы: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.С.Балтабаева
Қорғауға жіберілді «29»_сәуір_ 2004ж.
Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.д., проф. Абылқасымов Б.Ш.
АЛМАТЫ, 2004
КІРІСПЕ
Этнография термині туралы түсінік
Этнография термині көне грек тіліндегі «этнос» – халық, «графейн»
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Табиғи-тарихи процестердің нәтижесінде қалыптасатын халықтық, ұлттық белгілердің өте айқын
ХІХ ғасырдағы қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі этнографиялық
М.Әуезов шығармаларындағы уақыт пен кеңістік негізінде ХІХ ғасырдағы қазақ
Бұл эпопеяның көркемдік құндылығы мен әдеби айналымға түсірілген өмірлік
«Абай жолы» роман-эпопеясында ең алдымен ХІХ ғасырдағы қазақ халқының
Қазақ халқының этнографиялық құндылықтары жазушының әңгіме, повестерінде, драмалық шығармаларында
Әуезов әңгімелерінің көбінде шығармаға тағы да этнографиялық белгілердің жеке
Сонымен, М.Әуезов шығармаларында қазақ халқының материалдық мәдениеті-шаруашылық әрекеттерінің барлық
Жалпы алғанда, көптеген ұлттардың этнографиялық бейнесін жасауда басқа, тарихи-әлеуметтік
Осыдан барып М.Әуезовтің көркем шығармаларында суреттелген қазақ халқының этнографиялық
М.Әуезов шығармашылығын этнографиялық тұрғыда тақырып етіп алғанда
М.Әуезовтің қазақ этносының барлық қырлары түгелдей дерлік ашылған
Осы айтылғандардан барып М.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық
М.О. Әуезовтің этнографиялық ойлары
М.Әуезовтің баспа бетін көрген тұңғыш мақаласы (Жүсіпбек Аймауытовпен бірге
Әуезовтің жастық, студенттік кезіндегі Семей қаласындағы кітапхана мен басқа
ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының этнографиялық ерекшеліктеріне қатысты,
М.Әуезов 1925 жылы жазған «Әдебиет ескілігін жинаушыларға» атты
М.Әуезовтің этнографиялық ойлары алғашқы мақалаларында қазақ этносының ұлттық ерекшеліктерінің
Бақташылықтың сыртқы мазасыз жауы барда бойында жауынгерлік мінез, табанды
Егінші халықтың ұзақ күн денені езген ауыр жұмыстан шынығып,
Балықшылықпен айналысатын халықтарға аңшы халықтарға ұқсас мінездеме берген. Осы
Баспа бетін көрген тұңғыш мақаласын “Қазақтың өзгеше мінездерің деп
М.Әуезов мақалаларында көтерілген этнографиялық мәселелердің бір саласы – қазақ
М.Әуезовтің жас кезінде жазған мақалаларының ішінде ең күпті көңілмен
Этнос өмір сүріп жатқан елде басқа елдердің басқыншылығынан, отарлау
М.Әуезовтің этнопсихологиялық тұжырымдары ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтары үшін
М.Әуезовтің этнографиялық ойларының екінші бағыты – қазақ халқының салт-санасы,
М.Әуезовтің этнографиялық бағыттағы ойларының негізгі шоғырланған жері – “Әдебиет
Оқулықтың “Сыршылдық салт өлеңдерің тарауында “Ел салтындағы шер өлеңдерің
“Дінмен байланысты өлеңдерң тақырыбымен наурыз және бақсылар сарыны жайлы
Ислам дінімен байланысты халық өлеңдеріне жарапазан мен бата беруді
Үйлену салтына қатысты жар-жар, қоштасу, танысу өлеңдері жайында фольклорлық,
М.Әуезовтің кейінгі кезге дейін оқырманға белгісіз болып келген “Казахское
Мақалада қазақы импровизатор ақын типі жайында Жетісу қазақтары арасынан
М.Әуезовтің “Әдебиет тарихың оқулығында және халық әдебиеті мен фольклорға
М.Әуезовтің біраз еңбектерінде басқа ұлттардың – жапондардың, үнділердің т.б.
Ұлы суреткер, кемеңгер ғалым М.Әуезовтің этнографиялық ойлары жайындағы бұл
М.О.Әуезов әңгіме-повестеріндегі қазақ халқының этнографиялық құндылықтары
Әңгіме жанрының көркемдік ерекшеліктері мен көлемдік мүмкіндіктері этнографиялық ерекшеліктерді
М.Әуезов әңгімелерінің табиғатын этнографиялық тұрғыдан жіктегенде жалпы көркемдік, гуманистік
– Күшікбай батыр жиырма бір жасында дүние салған екен.
Әңгімеде суреттелген этнографиялық мәселенің тағы бірі- шаруаға, тұрмысқа қатысты
Арқалық тауының табиғатын, ауа райын суреттей келе “Жыл сайын
Әңгімеде ескі қазақ ауылындағы туыстық қарым-қатынастардың, қысқа қайырылған болса
Жақып қайтыс болғаннан кейін шешесі баласының ел ішіндегі алыс-берісінің
Әңгімеде қазақ аулының этнографиялық ерекшеліктері, жуан ауыл, нашар ауыл
М.Әуезовтің бір әңгімесін ғана этнографиялық тұрғыдан саралағанда жоғарыда айтылғандардан
М.Әуезовтің кейбір әңгімелері қазақ халқының этнографиялық ерекшеліктерінің, әдет-ғұрып салттарының
М.Әуезов шығармаларында жиі кездесетін тақырып – барымта тақырыбы.
Әуезов әңгімелерінде барымта әрекеттерінің өршіп тұрған кезіндегі ауылдардың
М.Әуезовтің әңгіме, повестерінде барымта суреттерін “Абай жолың эпопеясындағы барымта
М.Әуезов әңгіме, повестерінде көп айтылған этнографиялық тақырып – үйлену
Жазушының “Үйленуң, “Сөніп жануң, “Кім кінәлің, “Ескілік көлеңкесіндең, “Қаралы
Әуезов әңгіме, повестерінде ұлттық аңшылыққа қатысты құнды этнографиялық
М.Әуезовтің көркемдік қуаты жағынан алғанда шоқтығы биік шығармаларының бірі
Қорыта келгенде, М.О.Әуезов шығармашылығын қазақ халқының этнографиялық құндылықтары тақырыбында
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Этнография. Москва, “Высшая школаң, 1982, Алматы, “Мектепң, 1987 (аударма)
2.Әуезов М. Мәдениет Һәм ұлт. “Абайң журналы, 1918, N10.
3.Әуезов М. Қазақтың өзгеше мінездері. “Алашң газеті, 1917, 30
4.Әуезов М. Адамдық негізі әйел. “Сарыарқаң газеті, 1917,5 қыркүйек
5.Әуезов М. Қазақ ішіндегі партия неден? “Абайң журналы, 1918,
6.Әуезов М. Мәдениетке қай кәсіп жуық? “Абайң журналы, 1918,
7.Әуезов М. Қазақ қашан жетіледі? “Абайң журналы, 1918,3.
8.Әуезов М. Мәдениет Һәм ұлт.
9.Әуезов М. Қазақ республикасы қазақсыз қалады.
10.Әуезов М. Казахское народное творчество и его поэтическая среда.
11.Әуезов М. Әдебиет тарихы.
12.Әуезов М. Өліп таусылу қаупі. “Абайң журналы, 1918, 12.
13.Әуезов М. Халық әдебиеті туралы. “Жас қайратң журналы, 1924,
14.Әуезов М. Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі. “Шолпанң журналы, 1922,
15.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы, Ғылым,
16.Артықбаев Ж.О. Этнос және қоғам. Қарағанды, 1995, 266-б.




25 тамыз 2019ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^