Өндірістік іс-тәжірибе Қазақстан Халық Банкі есеп беру



ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ
ТУРАЛЫ ЕСЕП
Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, қаржылық жағдайымен танысу
Мен, ___________________ _ _______ 20__ жылдан бастап _ _____ 2011 жыл уақыт аралығында ААҚ «Халық Банкі» өндірістік іс-тәжірибені өттім. Іс-тәжірибенің алғашқы күні ұйымның қызметімен, қаржылық жағдайымен, қызметінің негізгі бағыттарымен, шаруашылық құрылымдық бөлімдерімен таныстым. Танысу барысында банктің жарғысы мен есеп саясатын пайдаландым.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 87 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.
2007 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.
Банк операцияларын жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас лицензия (Қосымша 1).



Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру (практикадан отчет)




24 тамыз 2019ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^