Жеке адамның әлеуметтік дамуы
№1056


 Жеке адамның әлеуметтік дамуы
1. Тұлға туралы жалпы түсiнiк
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейiн ие бола алмайды. Өйткенi, кiсi болып, ержету үшiн бала оңы мен солын, өзiнiң "менiң" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата бiлуi тиiс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектердi кiсi, тұлға деп айту қиын. Есейiп, ер жетiп, өз бетiнше әрекет ете алатын адамды ғана кiсi, не тұлға деймiз. Қандай да болмасын бiр iспен айналысатын, азды-көптi өмiр тәжiрибесi, бiлiмi мен дағдысы, икемi, дүние танымы, сенiмi мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мiнез, қабiлетi бiр сыдырғ
қалыптасып үлгерген, өзiнiң iс-әрекетiн тiзгiндей бiлетiн, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшiн жауап бере алатын адамды да кiсi, не тұлға деймiз. Тұлғаның түрлерi сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерiмен қатар жауыз, керiтартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкiлдерi болады. Мәселен, бүкiл әлемдi қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бiр көрнiсi халқымыз ерекше қастерлейтiн кiсiлiк ұғымы, тұлғаның аса өнегелi түрiне жатады. Төл тiлiмiзде "Он үште отау иесi" (қыз балалар үшiн), "Он бесте отау иесi" (ұл балалар үшiн) дейтiн аталы сөз бар екенi де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмiр талабынан, ауқымы кең тыныс-тiршiлiктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кеç келгендi кiсi деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, ес жиып, етек жабу нәтижесiнде бiртiндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кiсiлiк, кескiн-келбетi, адамш
лықтың өлшемi деп түсiнген.
Кiсiлiктiң түрлiше деңгейi болады. Оның жаман, жақсысы, көргендi, көргенсiзi, өнегелi, өнегесiзi, т.б. түрлерi болады. Жұрт имандылықты бойына дары









Жұмыс түрі: Материал
Пәні: Бет саны: -
Интервалы: -




22 қараша 2019ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^