Италия 1918 1945
№305


 ИТАЛИЯ 1918-1945
Италия Европаның оңтүстігінде, Жерорта теңізі аймағында орналасқан мемлекет. Ол Аппенин түбегін, Сицилия, Сардиния сияқты үлкен аралдармен қатар бірнеше ұсақ аралдарды алып жатыр. Территориясы - 301,2 мың шаршы метр. Астанасы - Рим (1995 жылғы мәлімет бойынша 2,8 млн. адам тұрады). Басты қалалары - Милан, Неаполь, Турин, Генуя және т.б. Италия құрамында 2 мемлекет -Ватикан, Сан-Марино орналасқан.
1995 жылғы мәлімет бойынша халқының саны - 57,8 млн., оның 94% итальяндықтар. Ресми тілі - итальяндық. Діні - католицизм. Ақшасы - лира.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң. Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия үкіметі бұлтақ саясат ұстап, 1915 жылы бұрынғы өзінің одақтастарына қарсы, яғни Үштік Одаққа қарсы Антанта жағында соғысты. Сол кездегі Италия мемлекетінің жай-күйі әскеріне ықпал етпей қоймады. Уақыт талабына сай дайындалмай соғысқа кірген итальян әскері майдан даласында бір жеңілістен екінші жеңіліске ұшырады да, соғысқа елеулі үлес қоса алмады. Оның дәрменсіздігін Антанта елдері елемей қойған жоқ. Осылайша Италия үкіметінің Антанта елдеріне сүйене отырып, үлкен т
рриторияны иемдену, халықаралық позициясын нығайту мақсаты орындалмады. Ұзақ соғыс Италияны қанға бөктірді. Антанта елдері Италияны өзіне тең санаған жоқ. Италияға Трентино (Оңтүстік Тироль), Истрия, Триест жері ғана берілді. Аз ғана жерге ие









Жұмыс түрі: Материал
Пәні: Жалпы тарих
Бет саны: -
Интервалы: -




19 тамыз 2019ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^