Адам темпераментін өлшеу реферат
№1258



Темперамент жөнінде түсінік.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындыл
ығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа псих
икалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара ба
йланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігі



Жұмыс түрі: Реферат
Пәні: Жұмыс көлемі: - бет

-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

 Қазақстан Республикасының білім және ғылым
Психология кафедрасы
Магистранттың өздік жұмысы
Тақырыбы: Адам темпераментін өлшеу
Орындаған: Муратбаев Д.М.
І курс магистранты
Тексерген: Сатиева Ш.С.
Психология ғылымдарының
кандидаты, доцент
Семей 2008
Темперамент жөнінде түсінік.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми
Темперамент туралы теориялар.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене
1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты,
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не
3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі
4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін
Кіші оқушылар темпераменті.
Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз,
Оқушылар темпераментінің физиологиясы.
Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір
1 Күшті қозуы тежелуінен басым
2 Күшті қозуы мен тежелуі тең
3 Күшті қозуы мен тежелуі тең,
Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип.
1 Күшті, ұстамсыз
2 Күшті,ұстамды
Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
Сангвиник.
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті,
3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін
Флегматик.
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды.
Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик,
Холерик.
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен,
Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен
Меланхолик.
Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте
Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын.
Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу.
Әр мұғалім оқушының темпераментін білу керек.
Холерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру
Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық
Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.
Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату
Пайдаланылған әдебиеттер
Подласый И.П. “Педагогика” М., -1996ж.
Ш. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымжанова,
Қоянбаев Ж.Б. “Педагогика” А-1992 ж
«Ұлағат» журналы №8 -2007 жыл




29 қаңтар 2020ж.
topreferat.com - Тегін қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^