15 ақпан – Кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен шығарылған күнi реферат
№2209



КСРО Қарулы Күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "халықтық-демократиялық үкіметті қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, "интер-националдық әскери жәрдем береміз" деген желеуімен оның ішкі істеріне араласты. Бұл "қырғиқабақ соғыс" кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемл
кеттік қауіпсіздік комитеті тыншыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. "Халық" тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 жылғы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауған халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі АХДП-ға қысым жасап, 1978 жылдың 26 сәуірінде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңінде Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға
шырады. Сөйтіп, Ауғанстанда халықтық-демократиялық партиясының билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-құрпымен, салт-мұддесімен санаспау, тағы басқалар бұқара халықтың наразылығын туғызды. 1978 жылғы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (1978 жы
лғы желтоқсан), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың аяғында көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда халықтық-демократиялық партиясының басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп, оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, партия мен мемлекет басына Амин отырды. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Аминді қызметінен шеттетіп, "парчамшылдарды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979
жылдың 12 желтоқсанында Кеңес Одағғы басшыларының шағын тобы (Л.Брежнев, Ю.Андропов, М.Суслов, Д.Устинов, А.Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады.Сөйтіп, 1979 жылғы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Он жылға созылған соғысқа Қазақстаннан 20 мыңнан астам әскері қатысты. Солардың бір мыңға жуығы Ауған жерінде қаза болып тағы 21 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын әріппен тарихқа енді. 15 ақпан Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн. Дәл осы күнi Кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен қайтару туралы үкiмi шыққан едi. Он жылға таяу уақытқа созылған қанды қырғын осы күнi тоқтаған болатын. Содан берi де мiне, 20 жыл өтiптi. Осы уақыт iшiнде интернационалист жауынгерлер 15 ақпан күнi бас қосып, майдан д
ласында мәңгiлiк көз жұмған құрбы-құрдастарын еске алып, сол бiр ұмтылмас шақтарды саналарында бiр жаңғыртады. Ауған соғысында қан төккен жауынгерлердің жағдайы қазір мәз емес. Себебі әлі күнге олардың мәртебелері анықталған жоқ. Қолдарына тиетін жәрдемақы көлемі алты мың тенгеден асапай отыр.



Жұмыс түрі: Реферат
Пәні: Қазақстан тарихы
Жұмыс көлемі: - бет

-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ
Кафедра: «Қылмыстық-құқықтық пәндер»
БАЯНДАМА
15 ақпан – Кеңес әскерiнiң Ауған
Тараз 2009 ж.
КСРО Қарулы Күштерінің Ауғанстанға басып кіріп,
Он жылға созылған соғысқа Қазақстаннан 20
Тарих дәптерінен өз бағасын ала алмай
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі -
Жат жерде жау оғынан кейбір боздақтар
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға
Астары қалың Ауған соғысы жайлы ақиқаттар
Ауған соғысының астарына ол кезде ешкiм
Қазақстандағы Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы
15 ақпан – Кеңес әскерiнiң Ауған
Ешкiм де, ештеңе де ұмытылмайды
Адам өмiрiнде қаншама ұмытайын десең де
Жиналған халық сол арамызда жоқ, бiрақ
Осыдан 20 жыл бұрын 15 ақпанла
Арманы әскери округiнде «Мұсылман батальоны» жасақталып,
Әрине, уақыт өте бейбiт өмiрдiң шуағы
1979-1989 жыл аралығында 22 мың




21 қазан 2019ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^