Қазақстанның оқу-ағарту жүйесі реферат
№2352


Қазақстанның оқу-ағарту жүйесі
Оқу-ағарту жүйесi. Қазақстан жерiнде, әсiресе, оның отырықшы аудандарында орта ғ-лардың ерте кезеңiнде-ақ (7 — 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, дiни бiлiм беретiн ортадан жоғары оқу орындары жұмыс iстей бастаған. Ертедегi Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркiстан, Отырар, т.б. қ-лардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкiрт бiлiм алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенiң түкпiр-түкпiрiне орналасқан. онда молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында
ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзiмi 4 жыл, оқуға жетi жастан бастап қабылданған, кейбiр ауылдық жерде 7 — 9 жастағы балалар бiрге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бiтiргенi үшiн балаға ресми куәлiк беру тәртiбi сақталмаған.
Сауат ашу жолы араб әрiптерi мен сөздерiн жаттауды, әсiресе құранның араб тiлiндегi мәтiнiн жатқа бiлудi мақсат еттi. Қалалардағы медреселерде ислам дiнiн уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерiнiң молдаларын, казиларды, дiндар сопылар мен шариғат заңдарын түсiндiретiн жоғары лауазымды дiн қызметшiлерiн даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсiмдерiн таратушы оқу орны ғана емес, iрi мәдениет орталығы ретiнде де қызмет атқарды. Белгiлi ақындар, тiптi ағартушы-демократ ретiнде танылған қазақ зиялыларының бiразы осындай медреселердi тамамдаған. Мыс., орта ғ-дағы
Отырар медресесiнде қазақ жерiнiң ұлы перзентi, Шығыс Аристотелi, екiншi ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби бiлiм алды. Берiректе Уфадағы “Ғалия” медресесiнде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегi Ахмет Риза медресесiнде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дiн жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердiң жанында кiтапханалар болды. Оқу мерзiмi шәкiрттiң алғырлығына, үлгерiм қабiлетiне байланысты болған.
қуды тамамдаған шәкiрттерге ресми құжат табыс етiлдi. Киiз үйлерде оқытатын мұсылман мектептерi ауылдармен бiрге көшiп-қонып жүрген. Бай саудагерлердiң қаржыларына салынған қала медреселерi ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелерi болған жоқ.



Жұмыс түрі: Реферат
Пәні: Педагогика
Жұмыс көлемі: - бет

-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

Қазақстанның оқу-ағарту жүйесі
Оқу-ағарту жүйесi. Қазақстан жерiнде, әсiресе, оның
Сауат ашу жолы араб әрiптерi мен
Қазақстанның Ресейге қарап, оған империяның орт.
19 ғасырдың 2-жартысында қазақ мектептерi қандай
1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нiң ХАК-ы
1937 ж. қазақ бастауыш мектептерiнiң саны
1945 — 60 ж. мектептердiң, оларда
1960 - 70 ж. арасында оқу
1980 - 90 ж. елiмiзде халыққа
Қазақстанда тұңғыш мұғалiмдер семинариясы 1883 ж.
Арнаулы орта бiлiм беру саласында оқушыларды
1991 ж. жаңа үлгiдегi мектептер мен
1990 — 99 ж. ҚР бiлiм
1919 — 20 ж. Орынборда, Ордада,
Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны —
Жоғары деңгейдегi мамандар даярлау, бiлiм беру,
Бұлармен қатар республикада 35 мемл. жоғары
Қазақстан Республикасы әскери оқу орындарына: ҚР
Өзiнiң он жылдық дамуы барысында жоғары
Қазақстан Республикасы, денсаулық сақтау ісі
Денсаулық сақтау iсi. Қазақстан Республикасында денсаулық
Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрiгер саны
Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактик. қызмет денсаулық сақтау
20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшiк медицина кең
Қаз.энциклоп. 5 том




14 қараша 2019ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^