Герат мәсеслесi реферат
№264


Герат мәсеслесi
XIX ғасырдың II жартысында ағылшындар Гераттың толық жаулап алуға ұмтылды. Герат билеушiлерi өз кезегiнде Иран мемлекетi шахтарының билiгiн мойындады. Гератты ағылшындық дипломаттар Үндiстанға солтүстiк-батыс ауданынан қорғаныс ретiнде және Орта Азияға экспансиялық саясатын бастауға көмек көрсететiн аймақ ретiнде қарастырды. Ресей Империясы өз кезегiнде осы аймақтағы өз үстемдiгiн сақтап қалу мақсатымен, Англия әскерiне Герат жерiнде бекiнуiн, Орта Азия мен Каспий теңiзi маңына енуiн тоқтатқысы келдi.
1837 жылы Патшалық ықпалға ұшыраған иран шахы Мұхамед Гератқа басып кiрiп, оны жаулап алады. Ол Гератта өз үстемдiгiн орнатып, ағылшындардың Гератқа қол сұғуын тоқтатуға тырысып бақты. Мұхамедтiң бұл әрекетiне жауап ретiнде 1838 жылы ағылшындықтар Гератқа әскери экспедициясын жiберiп, Бушира елдi мекенiнiң Харг аралын басып алады. Соғысты жариялаймыз деп ирандықтарды қорқытқан ағылшындықтар Мұхамедтен Герат жерлерiн босатуды, ағылшындармен Түркiменшай келiсiмшартына ұқсас келiсiмге қол қоюын талап еттi.
1838 жылы қараша айында Англия Иран мемлекетiмен сауда, дипломатиялық қатынастарын үзiп тастайды. Англия өз талаптарының орындалуын талап еттi. 1841 жылы қазан айында ағылшын-иран дипломатиялық қатынастары қайта жанданады. Сол кезде Англия мен Иран арасында сауда келiсiмшарты жасалынды. Онда ағылшын саудагерлерiне Иранға әкелiнген тауарға 5 процентiк алым төлеуге мәжбүр болды. 1845 жылы жылы мұндай құқыққа Франция, Австрия және тағы басқа Еуропаның дамыған мемлекеттерi ие бола бастады.
Осындай жағдайлармен 1856 жылы Иран мен АҚШ арасында теңсiз келiсiмшартқа қол қойылды, ол «достық пен сауда жөнiндегi келiсмшарт» деп атала бастады. Оған дейiн XIX ғасырдың 30 жылдарында Урмияға американ пресвитериандық миссионерлер келген болатын, олар өз жұмыстарын Әзербайжан мен Орталық Иранда жүргiзiп отырды.
Дiни, ағартушылық, дәрiгерлiк қызметпен келгендей болып, американ миссионерлерi iс жүзiнде Иранға жол ашудың мақсатымен АҚШ-қа пайдалы әрекеттермен айналысты.
Иран мемлекетiнде капитуляциялық режiмнiң орнауы мен теңсiз келiсiмшарттардың пайда бола бастауы Иранға шетелдiк капиталдың енуi мен Иранның сауда рыногының шетелдiктерге (әсiресе ағылшындықтарға) ашылуына әкелiп соқты. 1827 жылы 1834 жылға дейiн мемлекетке енгiзiлген таурлардың 9/10-ы болған ағылшындық текстильдiк тауарлар 2,5 есе өстi. Ал 1833 жылдан 1837 жылға дейiнгi аралықта 3 есе арты. Иранда пайда болған шетелдiк фирмалар мен саудагерлер мемлекеттiң өзiнiң iшкi және сыртқы айналыстағы саудагерлерiн бiртiндеп ығыстыра бастады. Шетелдiк саудагерлер ар
сындағы бәсекелестiк ирандық шаруашылықты кедейлендiре түстi. XIX ғасырдың ортасына қарай дамып келе жатқан капиталистiк мануфактура мен фабрикалардың дамуы тоқтап қалды. Тауар-ақша айналымы өсе түстi, феодалдық қатынастар мен жекеменшiктiң арасындағы қарама-қайшылық асқына бердi. Осының салдарынан халықтан салық жинау мен шаруалардың жерлерiн тартып алу процесi одан әрi жүргiзiле бастады. Ағылшын текстилiнiң конкуренциясы жергiлiктi халықтың үй шаруашылығына керi әсерiн тигiзе бастады. Халық арасында аштық, алуан түрлi эпидемиялар, холера аур
уы кеңiнен тарай бастады. Көптеген ауыл тұрғындары қалаларға қашып, қала халқының кедейлiгiн асыра түстi. Шетелдiк конкуренция тек қана қарапайым шаруалар, жұмысшылар, қолөнершiлерге ғана кедергi келтiрмей, дiнбасылары мен саудагерлерге де өзiнiң жағымсыз жақтарын тигiздi.
Герат мәселесi дүниежүзiлiк тарихта елеулi орын алады. Иран мен Ауғанстан мемлекеттерiнiң шетел езгiсiне тап болуы осы аймақтағы жергiлiктi халықтың тұрмысы, әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлкен өзгерiстер енгiздi.




Жұмыс түрі: Реферат
Пәні: Жалпы тарих
Жұмыс көлемі: - бет

-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

 Герат мәсеслесi
XIX ғасырдың II жартысында ағылшындар Гераттың
1837 жылы Патшалық ықпалға ұшыраған иран
1838 жылы қараша айында Англия Иран
Осындай жағдайлармен 1856 жылы Иран мен
Дiни, ағартушылық, дәрiгерлiк қызметпен келгендей болып,
Иран мемлекетiнде капитуляциялық режiмнiң орнауы мен
Герат мәселесi дүниежүзiлiк тарихта елеулi орын
Жоспар
Кiрiспе
1) Герат мәселесiнiң пайда болу
Негiзгi бөлiм
Герат мәселесiнiң пайда болып, өнiп, өрбуi.
Герат мәселесiне қатысты шетелдiк мемлекеттер әрекетi
Қорытынды
1) Герат мәселесiнiң тарихи маңызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi
Халықаралық қатынастар факультетi
Р е ф е р а
Герат мәселесi
Орындаған: Үмбетов Д.А.,
РВ 43-к группасы
Тексерген: Тарих ғылымдарының
Боқашева Ф.С.
Алматы, 2004
Пайдаланылған әдебиеттер:
История стран Азии и Африки, под.
Дипломатиялық сөздiк, Алматы-2000.
История международных отношений и внешней политики,
под.ред. Ж.У. Ибрашева.





22 маусым 2018ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^