Экологияның қысқаша тарихы реферат
№2665


Экологияның қысқаша тарихы
"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым дсген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір
үру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгі
нде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар көнедсн келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мәселен, үнділердің "Махабхарата" жырында (б. д. д. VI - II ғғ.) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі, 50-ден ас
там жан-жануарлардың аттары аталып, олардың өмір сүру белгілері сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтср де беріледі. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдсрі келтіріліп, ксйбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде егудің жолдары көрсетіледі. Ал Кытайдың біздің дәуірімізге дейінгі IV - II ғғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады.
Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары Гераклиттің (б.д.д. 530-470 жж.), Гиппократтың (б. д. д. 460-370 жж.), Аристотельдің (б. д. д. 384-322 жж.) еңбектерінде келтіріліп, экологиялық факторлар қозғалып, талданады. Мысалы, Аристотель өзінің "Жануарлардың тарихы" деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарлардың атын атап, түсін түстейді, мінез-құлқына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелендірудің тұңғыш тәжірибесі осылай жүзеғе асады.
Теофраст Эрезийский (б. д. д. 372-287 жж.



Жұмыс түрі: Реферат
Пәні: Соңғы қосылған рефераттар
Жұмыс көлемі: - бет

-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

Экологияның қысқаша тарихы
"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ,
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау
Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары
Теофраст Эрезийский (б. д. д. 372-287
Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі
Бұл кезең осылай мың жылдай
Орта ғасырлар дәуірінің соңғы кезеңінде ғана
Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы
Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы
XVLLI ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымдары
Алайда, "Экология" деген терминді ғылымға алғаш
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап,
Экология - биология ғылымдарының негізінде XIX
Алғашқы экологиялық зертгеулердің элементтерін біз
Биосфера құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар
Экология ғылымдарының пайда болуын, дамуын және
1-кезең. (1707-1924). Бұл кезең ХУІ ғасырдың
ІІ-кезең (1924-1980 ж.ж.). Экология ғылымдарының жеке
Бұдан кейін экология ғылымы дара ғылым
Өсімдіктер экологиясын (В.Н.Сукачаев, Б.А.Келлер, П.Д.Ярошенко және
Александр Петрович Щенников, өзінің "Өсімдіктер экологиясы"
Осыған байланысты Белоруссия Республикасының биолог-ғалымдарының ғылыми
Экология ғылымдарының әр түрлі бөлімдері бойынша
Ал кейінгі кезде Н.Чернова мен А.Былованың
ІІІ-кезең (1980-2000 ж.ж.) Экология ғылымдарының өрлеу




22 қараша 2019ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^