Малайзия реферат - Соңғы қосылған рефераттар - Рефераттар - www.topreferat.com

Малайзия реферат
№2721


Малайзия- Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Ол Оңтүстік Қытай теңізімен бөлінген екі бөліктен құралады. Батыс Малайзия (Малайя) – Малакка түбегінің оңтүстігінде, Шығыс Малайзия (Саравак және Сабах) – Калимантан (Борнео) аралының солтүстігі мен солтүстік батысында. Ынтымақ (Британ) құрамына кіреді. Жері 332,8 мың км, (Батыс Малайзия – 131,8 мың км, Саравак – 124,9 мың км, Сабах – 76,1 мың км). Халқы 11 млн-ға жуық (1972), оның ішінде Батыс Малайзияда - 9,2 млн., Саравакта – 975,0 мың, Сабахта – 655,3 мың. Астанасы – Куала-Лумпур қаласы. әкімшілік жағынан 13 шта
тқа бөлінген.
Мемлекеттік құрылысы. Малайзия — конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1957 қабылданған. Оған түзету 1963 жылы акт бойынша енгізілген. Мемлекет басшысы – Билеушілер Советі 5 жылға сайлайтын. Жоғарғы билеуші (оны сайлауға тек султанат билеушілері ғана қатынаса алады). Жоғарғы билеуші федерация жоғары лауазым иелерін тағайындайды, парламентті шақырады және таратып жібере алады, заң жобаларын бекітеді,қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшы да сол. Ол бұл праволарын үкіметтің ұсынысы бойынша ғана жүзеге асырып отырады. Заң шығаруш
ыжоғары өкімет органы екі палаталы парламент-сенат пен өкілдер палатасынан құралады. Сенаттың 58 мүшесі бар. Оның 26-сы штатардың заң шығарушы жиналыстарында сайланады, 32 мүшені премьер-министрдін ұсынысы бойынша Жоғарғы билеуші тағайындайды. Сенаторлар өкілдерінің мерзімі 6 жыл. өкілдер палатасынаң 144 депутаты 5 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. 1957 жылғы 31 тамызда тәуелсіздік алған малайзиялық өздерінің тарихи дәстүріне, тіптен еуропалықтар көзқарасы бойынша ескіріп қалған сияқты көрінер көне жоралғыларына да
барынша мұқият қарайды және оларды либералды демократияның қазіргі заманғы ұғымдарымен астастаруға ұмтылады. Малайзия секілді үлкен емес ел үшін саяси да, экономикалық та мәселелерді реттеуде мемлекет рөлі орасан зор. Атазаңға сәйкес, өкімет заң, атқару және сот билігіне бөлінеді. Малайзияның жоғарғы заңшығарушы органы сенат пен өкілдер палатасынан тұратын федералды парламент болып табылады. Сенат төрағасы мен өкілдер палатасының спикері парламент мәжілісінің басталар күнін белгілейді. 1995 жылғы сәуірде өткен сайлауда қазіргі Прем
ер-министр Махатхир және билік басындағы “Барисан Националь” партиясы қарсыластарын айдалаға қалдырған тамаша жеңіске жетті де, тағы бес жыл мерзімге үкімет құру құқығын алды.
Көптеген кәсіпорындар мен үкімет үйінің маңдайшасынан көз тартып тұратын “2020” санын көруге болады. Осы уақытта мемлекет анық сезінген әрі жол-жобасы сызылған көрсеткіштерге жетуді жоспарлап отыр. Бұл – жалпылама “жарқын болашақ” емес, әлде бір жағынан Швейцарияға, әлде бір жағынан Жапонияға, әлде бір жағынан АҚШ-қа ұқсай отырып, соның өзінде Малайзия боп қалуға ұмтылған ұлттың нақты мұраты. Әрбір штатта өзінің конституциясы, өкімет және басқаруоргандары бар. Әрбір монархиялық штатты мұрагерлікпен тағайындалған немесе сайланып
қойылатын билеуші (сұлтан, раджа), ал монархиялық емес штаттарды Жоғарғы билеуші 4 жылға тағайындалады губернаторлар басқарады. Сот жүйесі федералдық сот және екі жоғарғы сот, округтық соттар мен магистрат соттарынан құралады. Әрбір штатта мұсылмандық және әдет право соттары бар.
Табиғаты. Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Жағалауы аз тілімделген, көбінесе аласа, батпақты келеді. Калимантан аралын солтүстік-шығысынан маржан рифтері қоршайды. Малайзия жерінің көпшілік бөлігін Малакка түбегінің төбешіктері, аласа және орташа таулары (1000-2000 м, ең биігі – Тархан тауы, 2190 м) алып жатыр.Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жағалаулар, Малакканың оңтүстігі мен Калимантанның жағалаулары да – аллювиалдық ойпат. Малайзияның ең биік жері – Кинабалу тауы (4101м).Малакка мен Саравактың оңтүстігінде экваторлық, солтүсті
ке қарай субэкваторлық, муссондық климат. Ауаның айлық орташа температурасы жыл бойына азғана өзгереді. Жағалаулық өңірлерде жылына 2000-2500 мм, тауда 4000 мм-ге дейін, Кинабалу массивінің беткейлерінде 5000 мм-ден астам жауын-шашын түседі. Өзен торы жиі. Ұзын өзендері Калимантан аралында (Раджанг,Барам, Кинабатанган). Малакка түбегінің өзендері қысқа келеді (ең ұзын Паханг өзені 320 км). Ірі өзендердің саға тұсы кеме қатынасына жарамды. Жері көбінесе күлгін латерит топырақты, ойпаттар аллювиал топырақты. Малайзия жерінің үштен-төртіне жуығын
мәңгі жасыл ылғалды тропиктік, көп ярусты биік діңдіағаш (пальма, панданус, бамбук, мәңгі жасыл емен, лавр, рододендрон) өскен орман алып жатыр. Жануарлары Үнді-Малайя зоо-географиялық облысына жатады. Түр-түрі өте көп: піл, мүйіз тұмсық, гималай аюы, жолбарыс, жабайы өгіз, адам тәрізді маймылдар (орангутан, гиббон), крокодил, айдаhaр жылан кездеседі. Орман сүт қоректілерінен тупай, тиін, сусар, жартылай маймыл мекендейді.



Жұмыс түрі: Реферат
Пәні: Соңғы қосылған рефераттар
Жұмыс көлемі: - бет

-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

Малайзия- Оңтүстік-Шығыс Азиядағы
Мемлекеттік құрылысы. Малайзия —
Көптеген кәсіпорындар мен үкімет үйінің
Табиғаты. Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Жағалауы
Халқының этникалық құрамы
Тарихы. Малайзия жерін адам баласы ерте
Саяси партиялар мен кәсіподақтары. 1974
Экономикасы. Ұзаққа созылған
Ауыл шаруашылығының үлесіне
Малайяның қазіргі экономикасы,-
Тәуелсіз дамудың туу
- Жапонияның, Оңтүстік Кореа мен
- Көліктін (әсірісе авиациа)
- Жергілікті шикізатты
а) 5-10 жылдық алдағы
ә) Жоспарлы жекешелендіру. Иә, қанша оғаш
б) Шетелдік инвестицияларды ынталандыру. Жаңа
Ұлт мәселесі. Малайзия Федерациясы
-Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының
Малайзия мемлекетінің Қазақстанмен өзара байланыстары.
Қорыта келгенде Малайзия үдемелі экономикалық процестер
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тоқаев Қ.
Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы,
Қазақ совет энциклопедиясы. 7 том. Алматы
Малайзия. Справочник. М., «Наука» 1987.
Страны и народы мира. Ростов-на-Дону, «Феникс»
Саясат, 1995 жыл. №4
Р.Абазов, Ә.Абазова.Малайзиялық даму тәжірибесі.
Жас жолбарыстың үлгісі.75-85 беттер
Саясат, 2001жыл. №5, 72-бет.
Исабек Ж.А. Современные тенденции развития Юго-Восточной
Малайзия





17 тамыз 2018ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^