Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы реферат
№2962


Тақырыбы: Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы
ХІV-XV ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген халықтарға байланысты «Қазақ» атауымен қатар кейбір деректерде «өзбек», «өзбек-қазақ», «моғол», «ноғай» сөздері қолданыста болды. Бұл терминдер сол кезде Қазақстан территориясында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекет-терінің халықтарына, олардың этносаяси қоғамдастығына байланыс-ты айтылып жүрді. Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердің шекаралары сол рудың, тайпаның этникалық топтардың шекаралары-мен сәйкес келе бермеді. Этникалық топтардың бірі
гуіне бірлесіп шаруашылық жүргізуіне, мәдениетінің дамуына бірде құрылып, бірде жойылып жатқан мемлекеттердің шекараларының өзгеруі әсіресе, қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңінде әсерін тигізбей қоймады. Қазақстан территориясындағы этносаяси бірлестіктер бүкіл қазақ халқының қалыптасуына тұтастай әсер ете алмады. Тек оның бір бөлігіне әсері болған.
Қазақ халқының қалыптасуы Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы және Моғолстан құрамындағы этникалық топтарға байланысты. Моғолстандағы этникалық топтасу Ақ Орда, Әбілхайыр хандығына қарағанда әлсіздеу болды. Моғолстан құрамында қазақ және қырғыздардың кейде тіпті ұйғырлардың да саяси бірлестігі болған. Бұл жағдай бұл топтардың этникалық дамуын қиындатты. Моғолстан халқын Моғолдар деп атағанмен, зерттеушілер бұл сөздердің этникалық бірлестік немесе тайпалар одағы, тіпті халықтар деген мағына жатыр деп ойлайды. Тіпті осы Моғол сө
зінде Жетісу қазақтарының, Тянь-Шянь қырғыздары да аталған. Ол туралы Мұхаммед Хайдар да Қырғыздар Моғол тайпаларынан шыққан деп айтады. XIV-XV ғасырларда Қазақстан жеріндегі этносаяси даму тарихы Ақ Орда Әбілхайыр хандығының саяси әлеуметтік шаруашылық дамумен ғана байланысты емес, сонымен қатар Моғолстан мемлекетінің дамуымен тығыз байланысты. Өйткені оның құрамындағы халықтар, әсіресе Жетісу жерін мекендеген, кейіннен Ұлы жүздің құрамындағы ірі рулар құрап отыр.
Моғолстан XІV ғасырдың ортасына қарай пайда болды. Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылды. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темірдің мемлекеті құрылған. Моғолстан мемлекетін кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темі
рді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделі бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркіс
таннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
Моғол хандығының тағына негізінен Шыңғыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған.
Моғол мемлекетіне Қазақстанның Оңтүстік және Же



Жұмыс түрі: Реферат
Пәні: Соңғы қосылған рефераттар
Жұмыс көлемі: - бет

-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
РЕФЕРАТТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

Тақырыбы: Моғолстанның қазақ хандығы мен
ХІV-XV ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген халықтарға
Қазақ халқының қалыптасуы Ақ Орда, Әбілхайыр
Моғолстан XІV ғасырдың ортасына қарай пайда
Моғол хандығының тағына негізінен Шыңғыс тұқымдары
Моғол мемлекетіне Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу
Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының
Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті
Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап
XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390
Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да
Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына
Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан
XV ғасырда қалыптасқан саяси-
Бұл хандықтардағы билік басында отырған ақсүйектердің
XV ғасырдың басында жайылымдық жерлер іздестіріп,
Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел
Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығындағы
Моғолстан ханы Есен-бұға Керей мен Жәнібек
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» атты
Керей мен Жәнібектің Шудағы Қозыбасыға Орда
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы, Көне заманнан бүгінге дейін,
Қани М. Қазақтың көне тарихы,
Қазақтар. Тарихи-этнографиялық зерттеу. А., 1995 ж.
Аманжолов Қ. Түркі халықтарының тарихы.
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.
Сейдімбек А. Қазақ әлемі. А.,
Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. А.,
1





26 мамыр 2019ж.
2008-2018 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар

^